Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

         Колледжде ұйымдастырылған «Бақ-берекем, құт – мерекем – Наурызым!» атты шараға ұжымдағы ұстаздар мен қызметкерлер және өнерпаз студенттер қатысып, мерекені тамашалауға арнайы шақырылған «Шұғыла» мөлтек ауданының ардагерлері мен тұрғындары шақырылды. Киіз үй тігіліп, ұлттық ойындарға арналған алаңшалар ашылды. Салт-дәстүрлерді паш ететін арнайы шағын сахналарда қазақтың халық әндері шырқалып, жұртшылық институт және колледж ұстаздарынан құрылған «Ақмешіт» ансамблінің өнерін тамашалады.

Шара барысында оқу орнының басшысы А.Т.Үргенішбеков сөз алып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деген сөздерін айта отырып, ұлттық кодтың қайнар көзі – әз Наурызда екенін әрбір қазақтың білгені жөн деді.

Ұлыстың ұлы күнінде қазақ мәдениеті мен руханиятының бар інжу-маржанын көрсету мақсатында «Ақмешіт аруы» байқауы өткізіліп, бұл байқауда институт және колледж ұстаздары ортаға өз өнерлерін салып, көпшіліктің көзінше талқаннан жент жасау әдістерін де көрсете білді. Нәтижесінде колледж бойынша «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің химия пәні оқытушысы М.Жақсылық 1-орынды иеленіп, «Ақмешіт аруы» номинациясын ұтып алды.

Байқауға қатысушы ару-ұстаздар және ұлттық спорттық ойындардың жүлдегерлері арнайы алғысхат және ақшалай-бағалы сыйлықтарға ие болды. Іс-шара Наурыз мерекесіне арналған дастарханнан дәм татып, Наурыз көже таратылды.

 

023 031
025 030
027 032
026 024
029 028