Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

      2017 жылдың 4-қыркүйек күні ерекше сән-салтанатпен безендірілген  колледждің бас ғимараты алдындағы алаңқайға  студенттер,  ұстаздар және ата-аналар жиналды.

Мерекелік  бағдарлама жүргізушілері  көпшілікті  қос мерекемен  құттықтап,  колледж оқытушыларының әлемдік  бәсекеге қабілетті  мамандар даярлау мен білім беру  үдерісінде  халықаралық  инновациялық  технологияларды  кеңінен енгізу жолында  табандылықпен  еңбек етіп келе жатқанын оқу ордасы  екенін, соның нәтижесінде  2013 жылы Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша Бүкіләлемдік банк қорынан займ  түрінде бөлінетін конкурсқа қатысып, 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы грант жеңімпазы атанғанын, 2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингісі  бойынша ІІ-орынды иеленгенін ерекше атап өтті.  

2017-2018 оқу жылында колледжге 6 мамандық бойынша мемлекеттік білім гранты беріліп, 120 оқушы оқу грантын иеленді. Колледж директоры, т.ғ.к Д.Т.Байниязов грант иегерлерін арнайы құттықтап, оқушылар, ата-аналар және колледж ұжымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыс пен биік белестерге, алда қойылған мақсаттарға сәтті жетуін тіледі.

Салтанатты жиын барысында колледжіміздің өнерпаз жастары ұлттық билер орындап, патриоттық әндер шырқап, көк туымыз көктен түспей, Конституциямыз өміршең болсын деген тілекпен  тәжірибелі ұстаз Жаркенова Гүлнар Әбуқалиқызы баяндама оқыды.

Бұл күні дәстүрлі Білім сағаты ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай «Болашаққа бағдар» тақырыбында өткізілді. Әрі қарай, мәжіліс залында таныстыру-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырылып, «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай студенттерге «Болашаққа бағдар» атты бейнефильмі көрсетілді.

 Салтанатты іс-шара оқушылардың колледж материалдық-техникалық базасымен таныстырылуымен жалғасты.  

010 011
014 013