^Back To Top

logo

Много Joomla шаблонов на www.templete.ru
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Сыр елінің тірегі – Ақмешіттің түлегі!

340

«Ақмешіт» колледжі болашақ мамандарға салтанатты түрде дипломдарын табыстады. 

толығырақ

Облыстық волейбол жарысынан «Ақмешіт колледжі» командасы 3 орынға ие болды.

339

29 маусым 2019 жылы «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының кубоғы үшін облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткізілген волейбол жарысында «Ақмешіт колледжі» командасы 3 орынға ие болды.

 

 

 

338

«Ақмешіт» колледжі Арыстықтармен бірге!!!

Елдің елдігі сынға түскен шақта қол қусырып қарап отыр­май, демеу болуға асыққандаррдың қатарына «Ақмешіт» колледжі ұжымы да қосылып, жәр­дем беруге жұ­мыла атсалысуда.
Арыстағы апатқа байланысты жапа шеккен халыққа көңіл айтып, көмек қолын созып, бір күндік еңбекақыларын төтенше оқиғадан зардап шеккендерге аударды.

 

337

«Ақмешіт колледжі» білім беру мекемесі «Акккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен» (АРТА)халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

 

 

 

 

 

«Ақмешіт колледжінде» институционалды және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде АРТА-нің сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс істеді 

330

2019 жылдың 28-30 мамыр аралығында  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Сыртқы сараптау комиссиясы «Ақмешіт колледжі» білім беру мекемесінде жұмыс атқарды.

толығырақ

 «Талапқа талғам - таразы» атты кәсіби бағдар керуені

аудан мектеп бітіруші түлектеріне жол тартты

325

Қызылорда облысының білім басқармасы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев бекіткен «Жастар жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 14-17 мамыр күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан арнайы мамандар жинап, «Талапқа талғам - таразы» атты кәсіби бағдар беру керуенін бастап, аудан мектептерінің 9-11 сынып түлектеріне арнайы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

толығырақ

 Мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды

321

«Ақмешіт» колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады. 

толығырақ

 «Үздік жас маман-2019» сайысы өткізілді

320

2019 жылдың 26 сәуір күні жас оқытушылардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жас маман-2019» байқауы өтті.

толығырақ

 Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына 2 жыл толуына арналған «Сыр елінің мәдени мұралары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді

316

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының шығуына 2 жыл толуына байланысты «Ақмешіт» колледжінің жас мамандары Т.Абай, Н.Асылбекова, Г.Қожамұратова, З.Алтынбайлардың  ұйымдастыруымен «Сыр өңірінің мәдени мұралары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті.

толығырақ

 Марапаттау

315

ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы

толығырақ

  «Жасампаздық энергиясы» «ЖАС ТАLK» тақырыбында

дөңгелек үстел өткізілді

 

311

2019 жылдың 9-сәуір күні «Ақмешіт» колледжі базасында облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2019-жылды – Жастар жылы деп жариялауына байланысты «Жасампаздық энергиясы» «ЖАС ТАLK» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастар ұйымдарының төрағалары мен орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

толығырақ

 «Ақмешіт» колледжі ұжымының ер азаматтары

8-наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесін өткізді

309

2019 жылдың 7 наурызы күні «Ақмешіт» колледжі жыл сайынғы дәстүр бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды. 

толығырақ

«Ақмешіт» колледжі ұжымы Наурыз мерекесін тойлады

289

Береке мен бірлікті өзімен бірге ала келетін Наурыз мерекесін «Ақмешіт» колледжі ұжымы барлық салт - дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, сән-салтанатымен жоғары дәрежеде атап өтті.

толығырақ

«Ақмешіт» колледжінде «Жастар ісі жөніндегі» комитеттің ұйымдастыруымен «Шын жүректен!» атты Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық акциясы өтті

300

«Ақмешіт» колледжі 18.03.2019 ж. сағат 11.00-де Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында «Жастар ісі жөніндегі» комитетінің ұйымдастыруымен «Шын жүректен» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді.

толығырақ

  «Ақмешіт» колледжінде «Ақ жол саған жас түлек-2019!» тақырыбында диплом тапсыру салтанаты өтті

304

15.03.2019 ж. «Ақмешіт» колледжі бітіруші түлектеріне арналған диплом тапсыру салтанаты өтті.

толығырақ

Әріптесіміз – «Үздік ұстаз – 2019!»

285

«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы К.Н.Ахметова Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік ұстаз – 2019» байқауына жұмыстарын ұсынып, үздік деп танылды!

толығырақ

 Біздің жеңімпаз!

284

14 наурыз 2019 жылы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Елбасы жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра, Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында «Ұлы дала ұландары» тақырыбында Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  І, ІІ студенттері арасындағы интеллектуалды олимпиадаға тарих пәнінің оқытушысы Г.Жаркенованың жетекшілігімен қатысқан колледждің 1 курс СТ-18о оқу тобының студенті Кенжебайқызы Аружан жүлделі  Іорынмен марапатталды.

толығырақ

 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушы қыздар арасында өткен облыстық волейбол турнирінде «Ақмешіт» колледжі жүлделі 3-орынды иеленді!

280

28.02.2019 ж. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Облыстық білім басқармасы және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқытушылары арасында» дәстүрлі облыстық волейбол турнирі болып өтті. 

толығырақ

«Қариялар – қазына» тақырыбында концерттік

бағдарлама ұсынылды 

265

1-наурыз – Алғыс айту күні және 8-наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ақмешіт» колледжінің және Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледждің бір топ өнерпаз студенттері бірігіп, қаламыздағы Қарттар үйіне барып, қайырымдылық концертін қойып қайтты. 

толығырақ

Біздің мақтанышымыздар! 

262

22 ақпан 2019 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Физика» пәнінен колледж білім алушылары арасында өткен қалалық олимпиадаға физика пәнінің оқытушысы А.Сарыбаеваның жетекшілігімен қатысқан колледждің Ф-18о оқу тобының оқушысы Қылышбаева Дана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

толығырақ

   «Ақмешіт» ауылында «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында «Мен қазақпын!» Халықаралық мега-жобасының бас жүлдегері К.Түрікпенмен және Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының арнайы жүлде иегері, жыршы М.Сүгірбаймен кездесу өтті

 

257

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледджі «Жастар ісі жөніндегі» комитеттінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының арнайы жүлде иегері, жыршы Марат Сүгірбаймен және «Мен қазақпын!» Халықаралық  мега-жобасының бас жүлдегері Күнсұлу Түрікпенмен кездесу кеші өткізілді. 

толығырақ

   Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы аясында колледж студенттері «Ұлы дала елінің тұғырлы тарихы» көрмесін тамашалап қайтты

 

253

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі екендігі айтылған. 

толығырақ

   «Адалдықты таңдаймыз!» тақырыбындаvакция-марафон өткізілді

 

252

2019 жылдың 13-ақпан күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінен құралған «Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Адалдықты таңдаймыз!» тақырыбында акция-марафоны өткізілді. 

толығырақ

   Колледж оқытушыларына арналған «Суицид вахтері» оқыту семинары өтті 

247

2019 жылдың 7-ақпан күні Қызылорда облысы білім басқармасының «Bilim Foundation»  қоғамдық қоры қызметкерлерінің  жоспарлы білім беру ұйымдарының директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және 1-3 курс топ тәлімгерлеріне арналған «Суицид вахтері» оқыту семинары өткізілді.

толығырақ

   WORLDSKILLS  KAZAKHSTAN  0902000-«ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖІШІЛІК ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 

 

245

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8 ақпанында 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау мақсатында WorldSkills Kazakstan Ұлттық чемпионатына колледжішілік іріктеу байқауы өткізілді.          

толығырақ

   Колледж бітіруші түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері түсіндірілді

240

2019 жылдың 6-ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері Б.У.Нұралы келіп, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 3 және 4-курс студенттеріне арналған мемлекеттік қызметке орналасу мәселелерін түсіндіру мақсатында семинар өткізді.             

толығырақ

  Колледж студенттері «Алтын домбыра» иегері  М.Ниязовпен кездесті

239

2019 жылдың 1-ақпан күні облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен колледж студентерінің танымал айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязовпен кездесуі өтті.                   

толығырақ

   Спортсүйер жастарымыздың жетістігі көп болғай!

233

Елбасының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларына орай облыстық білім басқармасының «Аймақтық дене тәрбиесі әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен облыс жастары арасында үстіміздегі жылдың 24-25 қаңтарында қыздар арасында өткен баскетбол жарысынан біздің оқу орнының ОП-15оР оқу тобының ару-студенттері олжалы қайтты.                                   

толығырақ

  «Ақмешіт» жастары Жастар жылының ашылу салтанатын тамашалады

229

2019 жылдың 23-қаңтар күні Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының ашылу салтанаты рәсімін «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері тікелей эфирден тамашалады.                                    

толығырақ

   «Ақмешіт адалдық алаңы» жобасы аясында «Саналы ұрпақ» клуб мүшелері мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді

227

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2019 жылдың 21 қаңтары күні «Ақмешіт адалдық алаңы» жобасы аясында «Саналы ұрпақ» клуб мүшелері мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.                                      

толығырақ

  «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпті дерті»  тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өткізілді

222

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы құрылған болатын.                                                                                                  

толығырақ

Ақпараттық және кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді  

217

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады.                                                                                                           

толығырақ

«Құт боп кел қазағыма, Жаңа жылым!» студенттердің  жаңа жылдық кеші өткізілді

 

215

2018 жылғы 26 желтоқсан күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Гуманитарлық-техникалық мамандықтар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Құт боп кел қазағыма, Жаңа жылым!»атты студентерге арналған жаңа жылдық кеш өткізілді.

толығырақ

«Жарқырап кел, Жаңа жыл!» атты оқытушылар мен  қызметкерлердің балаларына арналған ертеңгілік өткізілді  

216

2018 жылдың 25-желтоқсан күні кәсіподақ комитетінің жыл сайынғы ұйымдастыруымен «Жарқырап кел, Жаңа жыл!»атты колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

толығырақ

«Жасай бер Тәуелсіз Қазақстаным!»

196

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер Тәуелсіз Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.

толығырақ

  Колледж студенттері мен дәрігер-валеолог арасында  «Алкоголизм, шылым шегу және таксикомания профилактикасы» тақырыбында кездесу өтті

  

194

         2018 жылдың 10 желтоқсан күні «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің «Өткені сырлы, келешегі нұрлы Қызылордаға – 200 жыл!» тақырыбындағы апталығы аясында колледж студенттері мен «Жастар денсаулығы» орталығының валеолог-дәрігері А.Д.Алдабергеновамен 

«Алкоголизм, шылым шегу және таксикомания профилактикасы»  тақырыбында кездесу өтті.

толығырақ

 Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Сүйікті қалам – Қызылорда!» өнер фестиваліндегі  жетістіктері қуантарлық!    

184

2018 жылдың 29-қарашасы күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сүйікті қалам – Қызылорда!» атты оқу орындары арасындағы өнер фестиваліне қатысып жүлделі орындарға ие болды.

толығырақ

 Колледж студенттеріне АИТВ/ ЖИТС туралы орталық мамандары дәріс өткізді   

182

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде ЖИТС орталығы мамандарыныңжәне колледж мейірбикесінің қатысуымен «Ғасыр індетінен сақтан!» тақырыбында дәріс өткізілді.

толығырақ

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқытушылар және студенттер арасында кеңінен түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді.     

180

         Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2018 жылдың 4-5 желтоқсан күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқытушылар және студенттер арасында кеңінен түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді.

толығырақ

 Колледжде дәстүрлі «Үздік топ – 2018» өнер байқауы өткізілді    

172

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі және «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының 1-курс студенттері арасында дарынды жастарды анықтау және ынталандыру, олардың шығармашылық мүмкіндіктері мен мәдени алмасуларын  жүзеге асыру мақсатында дәстүрлі «ҮЗДІК ТОП - 2018» өнер байқауы өткізілді.

толығырақ

«Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбындағы мерекелік студенттер күні атап өтілді    

166

Бойында жалыны бар, шалқыған шабыты бар, ойы алғыр, сезімі сергек Жастардың күні – 17 қараша – Халықаралық Студенттер күні мерекесі Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде өте жақсы деңгейде атап өтілді.

толығырақ

 Білім ордасы мерейлі мерейтойын тойлады!    

164

Білім бәсекесінде биік болып алға шығып келе жатқан Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 2018 жылдың 2-қарашасы күні мерейлі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. 

толығырақ

 «Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері «Жастар тәрбиесі – қоғамның іргетасы» тақырыбында дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарымен кездесті.   

1457

2018 жылдың 8-қарашасы күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері Қазақстан Республикасының дін салалындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алуда жастар арасында деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен «Жастар тәрбиесі – қоғамның іргетасы» тақырыбында кездесу өткізді.

толығырақ

 «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын  көтерудің факторы» тақырыбындағы колледжілік педагогикалық оқу өткізілді.

   

18

2018 жылғы 19 қазан Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған колледжішілік «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында оқытушылар арасында педагогикалық оқу өткізілді.

толығырақ

 

ҚЫЗЫЛОРДА КӨПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ -  15 ЖЫЛ!  

1

Сыр өңіріндегі гуманитарлық-техникалық, экономикалық-құқықтық және қызмет көрсету бағытында білікті маман даярлап келе жатқан алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі – Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі. Білікті кадр даярлау жолында бәсекелестікке қабілетті бұл оқу орнына биыл 15 жыл толып отыр.  

толығырақ

 

«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл»  атты апталық өткізілді 

16.10.18-9

  «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 24.09.2018-28.09.2018ж. аралығында «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл»  атты апталық өткізілді. Апталық барысында түрлі сайыстар, кітап көрмесі, ашық тәрбие сағаттары, интеллектуалды ойындар, эссе жазу, газет байқауы, ашық сабақтар өткізілді. Апталықтың алғашқы күнін «Тіл достықтың  тірегі» тақырыбындағы кітап көрмесі ашса, «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Туған жерге туыңды тік», «Қызылорда қаласына 200 жыл» тақырыптары бойынша газеттер байқауы жалғасын тапты. 

 

толығырақ

«Жүрегімде жатталады есімің...» тақырыбындағы ұстаздар мерекесі 

16.10.18-6

        Қазан айының алғашқы жексенбісі – ұлағатты Ұстаздар күні. Атаулы күнге орай, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жүрегімде жатталады есімің...» атты салтанатты жиын болып өтті. Ұстаздардың мерейін асыру, оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында өткен салтанатты жиынға колледж басшылығы, оқу орнының ардагер ұстаздары, оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты. Жиынды колледж директоры А.Т.Үргенішбеков ашып, барша ұстаз қауымды кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, білім ордасында қызмет етіп келе жатқан педагогтарды қала әкімінің, ректордың алғысхаттарымен марапаттады

толығырақ

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алуды түсіндіру бағытындағы бірлескен мобильді топ құрамымен кездесті 

01

       Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспар әзірленген болатын. Аталған кешенді жоспардың талаптарын орындау мақсатында «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Саналы ұрпақ» клубтары мүшелерінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26-қыркүйек күні мәжіліс залында «Адал бол!» тақырыбында акция өткізілді.

толығырақ

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі  Ата Заң және Білім күні мерекелерін салтанатты түрде атап өтті 

01

       30-тамыз – Конституция күні және 1қыркүйек – Білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде деөзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Айтулы шарада ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұранымыз шырқалды. Оқу орнының ғылыми кеңесшісі, п.ғ.к. Г.З.Сауытбаева жиылған жұртшылықты Білім күнімен құттықтап, оқу ордасының жеткен жетістіктерін сөз етті.

толығырақ

«Ақ жол саған «Жаc түлек-2018»!  

vruchenie-01

   2018 жылдың 3 шілдесінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Студенттер сарайында»Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 2017-2018 оқу жылындағы бітіруші түлектеріне арналған «Ақ жол саған, Жаc түлек-2018!» атты диплом тапсыру кеші өтті. nҚызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Үргенішбеков құттықтау сөз сөйлеп,үздік диплом иегерлерімен колледж белсенді түлектеріне диплом табыстады.

толығырақ

« Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы» тақырыбындағылыми-тәжірибелік конференция өткізілді 

41

   2018 жылдың 6 сәуір күні Қызылордакөпсалалыгуманитарлық-техникалықколледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы» тақырыбындаоқушыларды зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ояту, 

толығырақ

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Ақмешіт аруы-2018» атты арулар байқауы өтті 

039

   2018 жылдың 28-наурыз күні Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Ақмешіт аруы - 2018» арулар байқауы өткізілді.

толығырақ

Колледжде «Бақ-берекем, құт – мерекем – Наурызым!»   тақырыбында Наурыз мерекесі өтті 

031

    Колледжде ұйымдастырылған «Бақ-берекем, құт – мерекем – Наурызым!» атты шараға ұжымдағы ұстаздар мен қызметкерлер және өнерпаз студенттер қатысып, мерекені тамашалауға арнайы шақырылған «Шұғыла» мөлтек ауданының ардагерлері мен тұрғындары шақырылды.  Киіз үй тігіліп, ұлттық ойындарға арналған алаңшалар ашылды. 

толығырақ

«Сырдың сұлу студент аруы-2018» байқауының 1-орын иегері – Гүлзира Омар – колледж мақтанышы 

07

   2018 жылдың 15-наурыз күні қалалық көлемде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Болашақ» Университеті колледжінің ұйымдастыруымен  «Сырдың сұлу студент аруы-2018» арулар байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығының 4-курс студенті Гүлзира Омар қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. 

толығырақ

Колледж түлектеріне арналған «Ақ жол саған, жас түлек-2018»  атты диплом тапсыру кеші өткізілді 

020

2018 жылдың 14-наурыз күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында  «Құрылыс» және «ауыл шаруашылығын механикаландыру»  мамандықтары бойынша 2018 жылғы бітіруші түлектерге арналған диплом тапсыру салтанаты өтті. 

толығырақ

«Сыйынар ем Ана деген Тәңірге!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді 

012

   Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі жыл сайынғы дәстүр бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алып, «Сыйынар ем Ана деген Тәңірге!» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. Әдемі безендірілген сахнада колледжіміздің өнерпаз жастары мен белсенді студенттері ән мен күйден шашу шашты.

толығырақ

Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңнамаларды насихаттау бағытында кездесу өткізілді 

02

       2018 жылдың 27 ақпан - 6 наурыз күндері аралығында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың арнайы тапсырмасымен орта-арнайы және жоғары оқу орындарының жастары мен жасөспірімдері арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңнамаларды насихаттау бағытында ақпараттық-насихаттық топ құрамы бекітілген болатын.

толығырақ

«Жас Отан» Жастар қанатының жаңа көшбасшысы сайланды

99

     31.01.2018 жылы Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері және «Жастар ісі жөніндегі» комитеті алдында «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Қалжан Жұлдыз 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, 2018 жылдың ақпан айына дейінгі жасалған жұмыстар бойынша есеп берді. «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмыстарына жақсы  деген баға берілді.

толығырақ

Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

94

   2018 жылдың 23-қаңтар күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы

толығырақ

Колледжінің  15 жылдық мерейтойына арналған «Сергектік және денсаулық - 2018» атты спартакиадасы болып өтті 

79

      Ағымдағы жылдың 10-15 қаңтар күндері аралығында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған   «Сергектік және денсаулық - 2018» тақырыбында оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өткізілді. 

толығырақ

Жолдау жаңа биіктерге жетелейді 

73

       2018 жылдың 12 қаңтары күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде оқытушылар мен қызметкерлердің, оқушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.

толығырақ

 Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде  бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті 

089

      2017 жылдың 29 қаңтар күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді.

толығырақ

  Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде  студенттердің жаңа жылдық кеші өткізілді 

081

 

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша  2017 жылдың 27 желтоқсан күні  институттың «Жастар ісі жөніндегі» комитеті мен «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен студенттерге арналған жаңа жылдық кеш өткізілді.

толығырақ

      «Өшпес даңқ» атты ғылыми танымдық конференция өткізілді 

71

   2017 жылы 11-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен

толығырақ

Тұңғыш президенті күніне орай колледж оқушыларымен «Тұлғатану» жобасы өтті  

63

        Қазақстан Республикасының алғашқы Президент күнін атап өту – Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін таныту болып табылады. Осы орайда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірігіп, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі жастары «Тәуелсіз елдің тірегі - Елбасы» тақырыбында

толығырақ

 Дене шынықтыру үзілісі  

69        Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде жұмыс күні ішінде дене шынықтыру үзілістерін ұйымдастыру қолға алынып, үлкен үзіліс уақыты 11.40-та оқу ғимаратының фойесінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді.                                                                                                                 толығырақ

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» 

65        Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың хатына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2017 жылдың  29-қарашасы күні сағат 11.00-де оқытушылар құрамы мен оқушылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» оқу сағаты өткізілді.                                                 толығырақ

17-қараша – Халықаралық студенттер күні 

52

   Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде дәстүрлі 17-қараша – Халықаралық Студенттер күніне орай  1-курстарды студент қатарына қабылдау мерекесі 2017 жылдың  23-қарашасы күні сағат  17.00-де «Жігер» мейрамханасында салтанатты түрде атап өтілді.

толығырақ

«Үздік топ-2017» өнер байқауы  

41

     «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері арасында дәстүрлі «Үздік топ-2017» өнер байқауы өткізілді.

толығырақ

Ел еңсесі – ерлікпен! 

37

      2017 жылдың 4-қазаны күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық колледжінде  облыстық ішкі саясаты басқармасы және Қызылорда облысының «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Ел еңсесі – ерлікпен!» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.

толығырақ

 Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!  

30

     Барлық кәсіп иелерін білім нәрімен сусындататын ұстаздық мамандық - кәсіп атаулының ең қастерлісі екені белгілі. Шәкірт тәрбиелейтін ұстаздар қауымының еңбегі еленетін, ерек­ше қошеметке бөленетін мерекені атап өту – колледжімізде дәстүрге айналған.

толығырақ

 «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» 

021   2017 жылдың 13 қыркүйегі күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың тапсырмасымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ішкі істер департаменті қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді.                                                                      толығырақ

 22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні  мерекесі атап өтілді

020

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 22 - қыркүйек  –  Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні  мерекесі қарсаңында  бірқатар  іс - шаралар  өткізілді.

толығырақ

30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және

1 қыркүйек – Білім күні мерекелері 

010

 

2017 жылдың 4-қыркүйек күні ерекше сән-салтанатпен безендірілген  колледждің бас ғимараты алдындағы  алаңқайға  студенттер,  ұстаздар және ата-аналар жиналды.

толығырақ

Шерлі шежіре аманаты 

013

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясында «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форумның бейбітшілік сабағы   өткізілді. 

толығырақ

Ата-баба ерлігі арқасында! 

09

 

        2017 жылдың мамыр айының 16-жұлдызында 9-мамыр-Жеңіс күні мерекесіне орай «Ата-баба ерлігі арқасында!» атты ардагерлермен кездесу кеші өткізілді.

толығырақ

                             

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде

7-мамыр мерекесі атап өтілді 

04

       Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2016 жылдың 4-мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты мерекелік құттықтау кеші өткізілді. 

толығырақ

   Тарихи мұраны сақтау – біздің борышымыз!  

126

1983 жылы Юнеско жанында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша Халықаралық кеңестің Ассамблеясының шешімімен 18-сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып бекітілген болатын. Осы күні әр елде бүкіләлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтап қалуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. 

толығырақ

«Ашық есік» күні іс-шарасы өткізілді 

135

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Жыл сайын сәуір айында біздің колледж көптеген мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына өз есігін ашып, талапкерлерге аса маңызды таңдау жасау, яғни болашақ мамандығын таңдауға көмек беріп отырады.

 

толығырақ

Ғылыми-практикалық конференция 

123

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2017 жылдың          5 сәуір күні «Жастар және ғылым-диалог, ой, ізденіс» тақырыбында оқушылардың кәсіби-тұлғалық потенциалын, сана-сезімін, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында колледжішілік оқушылар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

толығырақ

Бақ-берекем, құт – мерекем – Наурызым! 

105

            Институт және колледж ұжымында ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған«Бақ-берекем, құт – мерекем – Наурызым!»  іс-шарасы аясында «Қазақтың келіндері-ай!» сайысы өткізілді.

толығырақ

Колледж ұжымы 8-наурыз мерекесін  «Ана – өмір, Ана – ұстаз, Ана - көктем!» тақырыбында атап өтті

94

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы дәстүрлі түрде 8 наурыз -  Халықаралық әйелдер мерекесін бұл жылы да ерекше атап өтті. 

толығырақ

 

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде  түлектер кеші өткізілді 

104

2017 жылдың 3-наурызы күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Құрылыс» және «Экология және табиғат қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітіруші түлектерге диплом тапсыру кеші өткізілді.

толығырақ

Колледж білім алушылары Елбасының кезекті   Жолдауын талқылап, қолдау білдірді 

92

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтарда жасаған Үндеуін және 30 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мамандарының қатысуымен колледж білім алушыларына түсіндіру мақсатында  кездесу өткізілді.

толығырақ 

 

«Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» тақырыбында колледжішілік оқытушылар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 

91

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде        2017 жылдың 17 қаңтар күні «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім берудегі инновациялар туралы ой қозғап, кездесетін қиындықтарға тоқталып, оны шешудегі ізденістер мен жетістіктерге сараптама жасау мақсатында колледжішілік оқытушылар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

толығырақ

 

Колледж білім алушылары   «Сәлем-2017!» жаңа жылдық кешін керемет өткізді

78

       Жаңа 2017 жылды қарсы алу кешінің ойдағыдай өтуіне колледж білім алушылары белсенді түрде кірісіп, жаңа жылдық концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш барысында оқушылар көтеріңкі көніл күйге бөленіп, әсіресе, қапшық толы сыйымен келген Аяз ата мен Қаршақыз өнер көрсеткен жастарға түрлі сый-сияпат көрсетті.

толығырақ

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде

 Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті 

72

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік  жиынға колледж оқытушылар ұжымы және оқушылар  қатысты.

толығырақ

   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің өзекті мәселелері»

тақырыбында ғылыми-тәжірибелік  конференция болып өтті 

67

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Өркениетті Қызылорда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 30-қарашасы күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

толығырақ

 Жастар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында

дін зерттеу  орталығының  теолог маманның қатысуымен кездесу өткізілді

66

Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының және облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде  «Жастар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

толығырақ

«Үздік топ-2016» өнер байқауы

61

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс білім алушыларының арасында дәстүрлі «Үздік топ - 2016» өнер байқауы өткізілді.

толығырақ

17-қараша – Халықаралық студенттер күні 

50

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжінде дәстүрлі 17-қараша – Халықаралық Студенттер күніне орай 1-курстарды студент қатарына қабылдау мерекесі 2016 жылдың 17-қарашасы күні сағат 17.00-де «Жігер» мейрамханасында салтанатты түрде атап өтілді. 

толығырақ

«Универсиаданың басталуына 100 күн»  жобасына   колледж білім   алушылары белсенді

түрде қатысты 

40

2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтетін 28-Дүниежүзілік қысқы Универсиада  - Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және тәуелсіз еліміздің 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шара   болып табылады. 

толығырақ

Жайдарманшылар колледж жайдарман ойынының  маусымашарын өткізіп, облыстық жайдарман ойынына қатысып келді

32

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 2015-2016 оқу жылында директор кубогы үшін өткізілген жайдарман ойынында жеңіске жеткен «Сыр ұландары» жайдарманшылары биылғы оқу жылының жайдарман ойынының колледждегі кезекті маусымашарын өткізді.                                                                                          

 толығырақ

«Қ арттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен колледж көркемөнерпаз оқушылары қарияларымызға арналған мерекелік  бағдарлама ұсынды  

22

  Ақ жаулықты әжелеріміз бен бата берер ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, оларға құрмет көрсетудегі басты мақсат – атасыз үйдің батасыз, анасыз үйдің панасыз болатынын, олардың төрімізде отыруының өзі бағасыз байлық екенін ұғындыру. 

толығырақ

  Колледж оқушылары «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбымен ұстаздарды құттықтау кешін өткізді

 

19

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғымның бірі ата-ана болса, бірі-Ұстаз! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. 

толығырақ

Қызылорда  көпсалалы  гуманитарлық - техникалық  колледжінде  30 - тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және    1-қыркүйек – Білім күні мерекелері атап өтілді

1-қыркүйек күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және 1-қыркүйек – Білім күні мерекелері ұйымдастырылып, атап өтілді.

толығырақ

 

 

 

 

 «Зор болашақ бүгіннен басталады!» тақырыбында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді

bru4enie

Сыр еліндегі іргелі оқу орны Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің тарихы 2004 – жылдан бастау алып, мінекей 12 жыл болды, өз қызметін қай кезде болмасын білім мен тәрбие беруде жаңашылдыққа, мемлекетіміздің білім мен ғылым саласында бірегей стратегиялық мүдделерге сәйкес ұйымдастырып келеді.

толығырақ

 

"Тәуелсіз елімнің 25- көктем бояулары" атты көрме ұйымдастырылды

 

koktem-boyau2 

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, өздігінен еңбек етуге дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне, 25 жыл толуына орай «Тәуелсіз елімнің 25-көктем бояулары» тақырыбындағы білім алушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

 толығырақ

  

 «Ақ жол саған –Жас түлек-2016»

 01

16.04.2016 ж. колледж бітіруші түлектеріне арналған «Ақ жол саған –Жас түлек-2016» атты диплом тапсыру рәсімі өткізілді. Сәуір айының 16-жұлдызында колледждің «Экология және табиғатты қорғау» мамандығы бітірушілерінің дипломмен марапаттау кеші өтті.

 толығырақ

 

 

 

 

Қазан айының алғашқы жексенбісі – ұлағатты Ұстаздар күні. Атаулы күнге орай, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жүрегімде жатталады есімің...» атты салтанатты жиын болып өтті.

Ұстаздардың мерейін асыру, оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында өткен салтанатты жиынға колледж басшылығы, оқу орнының ардагер ұстаздары, оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты.

Жиынды колледж директоры А.Т.Үргенішбеков ашып, барша ұстаз қауымды кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, білім ордасында қызмет етіп келе жатқан педагогтарды қала әкімінің, ректордың алғысхаттарымен марапаттады. 

«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 24.09.2018-28.09.2018ж. аралығында «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл»  атты апталық өткізілді. Апталық барысында түрлі сайыстар, кітап көрмесі, ашық тәрбие сағаттары, интеллектуалды ойындар, эссе жазу, газет байқауы, ашық сабақтар өткізілді. Апталықтың алғашқы күнін «Тіл достықтың  тірегі» тақырыбындағы кітап көрмесі ашса, «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Туған жерге туыңды тік», «Қызылорда қаласына 200 жыл» тақырыптары бойынша газеттер байқауы жалғасын тапты. 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz